Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24 пайызға, яғни, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскені айтылды. Олардың қатарында медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар.
Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша құқығын қорғау шеңберінде әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 2,6 мың актісі (57 пайыз) заңсыз деп танылды.
Сондай-ақ, Президентке қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берілді. Тергеу соттарының қамауға алуды санкциялаудан бас тарту үлесі 23 пайыздан 37 пайызға өсті. Ақталған азаматтардың саны (жеке айыптау істерін қоспағанда) 59-дан 88-ге жетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 1 шілдеден бастап дербес кассациялық сот жұмыс істей бастады. Алғашқы айдың өзінде аталған мекемеге 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сот жүйесіне сенімін нығайту және сот төрелігінің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралай ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...