• 01-09-2025

Каспий маңы мемлекеттерінің медиафорумы өтті

Атырау мен Астарахань арасындағы алыс-беріс дами түспек.

Былтыр екі өңір арасындағы сауда айналымы 341,3 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл туралы Астрахань қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Х медиафорумында айтылды. Алқалы жиынға бес мемлекеттен 3 мыңдай адам қатысып, онлайн форматта пікір алмасты. Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи-мәдени, іскерлік байланыс сарапқа салынды.

Медиафорумға Қазақстан, Иран, Түркіменстан Ресей және Өзбекстаннан 700-дей адам қатысты. Қосымша 3 мыңдай қатысушы онлайн форматта өз ойларын білдірді. Мақсат – Каспийді тиімді пайдаланып, оның экономикалық мүмкіндігін кеңінен наихаттау.

Дәурен Абаев, ҚР Ресейдегі елшісі:

- Каспий тек теңіз емес, ол транспорттық «коридор» деп айтуға да болады. Біз осы мәселені жалғастырсақ, жалпы 5 елде 250 млн-дай халық тұрады. Ол біздің қаншама мүмкіншілігімізді ашады. Сондай-ақ жастар осындай алаңдардың арқасында көп нәрсені үйренетін болады. Жалпы жақсы жобалар жасауға мүмкіндік бар.

Атырау мен Астарахань арасындағы тауар айналымы былтыр 341,3 млн АҚШ долларына жеткен. Мемлекетаралық «Атырау-Астрахань автомагистриалының іске қосылуы енді барыс-келісті жаңа деңгейге көтермек.

Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі таңда екі тарап та шекарадан өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын қолдауда. Бүгін осы туралы губернатор мырзамен келісіп, пысықтаған болатынбыз. Сонымен қатар екі өңір басшысының шешімі бойынша Атырау мен Астрахань арасында автобус қозғалысын ұйымдастыру мәселесін мақсат етіп қойдық.

Астрахань облысында 140 мыңнан астам қазақ тұрады. Олар тарихи отанымен байланыстарын ешқашан үзген емес. Келешекте осы қатынас ұлғайып, бизнес саласында үлкен жобалар қолға алынады. Күні бүгін Атыраудан Астрахань облысы арқылы Ресейге газ химиясы кешенінің өнімдері экспортталса, Астраханнан ауыл шаруашылығы техникалары мен тауарлары келе бастады.

Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин