• 01-09-2025

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды (видео)

Елордада Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Өрт дер кезінде оқшауланды, тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ТЖМ-ның ресми Telegram каналындағы ақпаратқа сәйкес, елордалық өрт сөндірушілер Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде орын алған өртті оқшаулаған.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ құтқарушылар бір адамды құтқарып, тағы бес тұрғын баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт 22:37-де толығымен сөндірілді.

Барлық тұрғындарды ТЖМ АМО дәрігерлері тексеріп шықты. Олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрттің алдын ала аумағы — 15 шаршы метр. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Зардап шеккендер жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз