«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің аты аңызға айналған жерлесі Геннадий Головкинмен кездесуінен видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Негізі Әлімханұлы мен GGG-дің жүздесуі сәуір айында өткен, сол кезде «Қазақ стилі» әлеуметтік желідегі парақшасында «Ағаммен бүгінгі жарқын кездесу» деп жазып, Головкинді белгілеген еді. Алайда жүздесудің бейнежазбасы бүгін жарияланды.
Кездесу барысында Головкин ізбасарына үлкен сенім артып:
«Еліміз қазір нағыз батырларға мұқтаж. Жанкүйерлерді таңертең ерте ұйқысынан оятатын буынның бірі мен болсам, сен – келесі буынсың. Сен бәрін бағындыра аласың. Келешек ұрпақтың батыры сен болуың керек», – деді ол.
Еске салсақ, биыл Астанада өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO чемпиондық белбеулерін кезекті рет қорғап, француз Ануаэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Геннадий Головкин қазіргі уақытта ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарып жүр. Дегенмен ол кәсіби мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Спорт Шрёдингера (@sportilinet)
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кез ...