• 01-05-2026

Алматыда саябақ маңындағы қамыстың арасынан бейтаныс адамның мәйіті табылды

Zakon.kz редакциясына куәгерлер хабарласып, Түрксіб ауданындағы Желтоксан саябағы жанында қамыс арасынан бейтаныс адамның денесі бар көлік табылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кіші Алматы өзені құятын тоған жанындағы қамыстың арасынан Toyota Camry 25 маркалы көлік шынымен табылған.

Бұл аумақта жол болмағандықтан, көлік ағаштардың арасымен өткен болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Zakon.kz редакциясы қалалық полиция департаментнің баспасөз қызметіне түсінік беруін сұрады.