• 01-09-2025

Тоқаев Молдова президенті Майя Сандуға жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Тоқаевтың Иордания Королін Астана әуежайында күтіп алғанын жазғанбыз.