• 01-09-2025

Қазақстан мектептерінде тағы бір жаңа пән енгізу ұсынылды

ІІМ мектептерде Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, құқықтық ағарту, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Жұртшылықтың назарын аудару мақсатында түрлі профилактикалық акциялар, олардың ішінде балалардың жол-көлік жарақаты жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

"Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынады. Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағынатын мінез-құлық нормаларын сіңіріп, өзі жүргізуші болған кезге дейін есейген сайын жол қауіпсіздігіне жағымды әсер етеді", — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз