Алматы қаласында орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі келушілерге маңызды мәлімдеме жасады. Елдегі ең ірі көркемсурет мұражайы өз жұмысын уақытша тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат мұражай әкімшілігінің желідегі жазбасынан белгілі болды.
"Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қажетті жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты желтоқсан айына дейін уақытша жабық болады",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, бұл шара келушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылуда екені аталып өтілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі (@kasteyev_museum)
Желі қолданушыларының бірінің сұрағына жауап ретінде мұражай өкілдері ішінара жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталғанын, ал 5 тамыздан бастап мұражай толық жабылғанын нақтылады.
Бұған дейін қазақстандық фильмнің Иорданиядағы кинофестивальде көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алғанын жазғанбыз.
TOP
-
-
Президент Қытай газетіне жариялаған мақаласында «халықтық дипломатия» мәселесін көтерді
30.08 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деген Конституция бабы нақты жүзеге асырылды
29.08 -