• 01-05-2026

27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы өсті

2025 жылғы 27 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доллардың орташа сараланған бағамы 537,63 теңгені құрап, 3,46 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі 6,68 теңгеге дейін (+0,03) өсті.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,02 теңгені құрап, 0,43 теңгеге көтерілді.

Айырбастау пункттерінде доллар 536,9–539,5 теңгеге, еуро 623–627 теңгеге, рубль 6,57–6,69 теңгеге саудалануда.

Бұл ретте, 27 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеуде.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің бағасы 0,01%-ға төмендеп, барреліне 66,69 долларды құрады, ал WTI маркалы қазан фьючерстерінің бағасы 0,03%-ға азайып, 63,27 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 533,87 теңге, еуроны – 621,64 теңге, рубльді – 6,64 теңге деңгейінде белгіледі.

Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.