2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
32 жастағы спорт шебері, оқ атудан спорт шебері және парабиден әлем чемпионы Севда Әлиева өміріндегі маңызды қадам жасады. Ол Instagram парақшасында сүйіктісі, америкалық Исаак Сайедтің (Isaac Syed) ұсынысын қабыл алғанын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жазбаларына қарағанда, жас жұп шамамен бір жылдан бері бірге. 26 тамызда спортшының ұзату тойынан түсірілген суреттер стористерде тарады. Салтанатты шара мейрамханада туыстары мен жақындарының ортасында өтті. Жас жұбайлар ән шырқап, би билеп, ыстық ықыласқа бөленді. Кеш қонақтарының арасында әншілер Amre мен Қазыбек Құрайыш та болып, танымал әндерін орындады.
Севда Әлиева тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сахнадағы талантымен де танымал. Ол «Qazaqstan» телеарнасындағы «Екі жұлдыз» жобасына қатысып, көрермен ықыласына бөленген еді.
Айта кетейік, Әлиева 2023 жылы Италияда өткен парабиден әлем чемпионы атанды. 2024 жылы оқ атудан Қазақстан чемпионы болды. Сондай-ақ, Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан туын көтеріп шыққан еді. Қазір ол P2 санатында – 10 метр қашықтықтағы пневматикалық тапаншадан жарысқа қатысады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sevda Aliyeva (@sevdaalieva)
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...