• 01-05-2026

Алматыда Тілендиев көшесінің бір бөлігі түнде жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыда Тілендиев көшесінің белгілі бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шектеу 27 тамыз сағат 22:00-ден 28 тамыз сағат 06:00-ге дейін күшінде болады.

"Қозғалыс Райымбек батыр даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта тоқтатылады", — деп хабарлады мегаполис әкімдігі.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген стендтер орнатылады.