2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
"Барыс" Магнитогорскіде өтіп жатқан Ромазан мемориалы аясында екінші ойында Уфаның "Салават Юлаевымен" кездесті .
Есепті алғаш болып ресейліктер ашты. Алайда Майкл Веккьоне бірінші кезеңде таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде Әлихан Әсетов дубль авторы атанды. Бірақ қарсылас Андрей Шутов қақпасына бір шайба соғып, есепті қысқартты. Соңғы жиырма минуттықта уфалықтар есепті теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Онда "Барыс" Дінмұхамед Қайыржанның шайбасының арқасында жеңісті жұлып әкетті.
Кеше қазақстандық клуб Жоғарғы хоккей лигасының "Магниткасына" 1:2 есебімен есе жіберген болатын. Ал 29 тамыз күні "Металлургпен" кездеседі.
Ромазан мемориалы 26-29 тамыз аралығында өтуде. Жарысқа төрт команда қатысуда — "Барыс", "Металлург", "Салават Юлаев" және "Магнитка".
Михаил Кравец мынадай құрамды айдынға шығарды: Шутов (Шестаков) — Бекетаев-Данияр, Галимов-Өмірбеков-Веккьоне; Гайтамиров-Бреус, Савицкий-Мухаметов-Қайыржан; Королёв-Оразов, Асетов-Шайхмедденов-Оспанов; Ляпунов-Логвин-Симонов, Никитин.
"Барыс" — "Салават Юлаев" 4:3 ОТ (1:1, 2:1, 0:1, 1:0)
0:1 – 10:46 – Корбит (Хмелевский, Федотов) АГ
1:1 – 11:20 – Веккьоне (Оразов)
2:1 – 21:37 – Әсетов (Шайхмедденов)
3:1 – 31:20 – Әсетов (Шайхмедденов, Бекетаев)
3:2 – 34:05 – Алалыкин (Родуолд, Пименов) АГ
3:3 – 50:01 – Хмелевский (Кузнецов, Стюарт) АГ
4:3 – 60:46 – Қайыржан (Галимов)
Қақпашылар: Шутов – Вязовой
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...