Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Ұзақ жолға пойызбен шығатын жастар сатып алған пласт-карт пен купедегі астыңғы орындарды қарттарға беруге қарсы.
Пойыздың үстіңгі орындарын егде жастағы адамдарға сатуды тоқтатып, астыңғы орындардың бағасын көтеру қажет. Қазақстандық жастар осындай ұсыныспен шықты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені вагондағы жайлы орынды алдын ала алып қоятын жас буын, жасы келген жолаушыларға өз орындарын беруге мәжбүр. Ал үлкендердің "орын ауыстыру өтініші" көптің көңілінен аса шыға қоймайды екен.
Орынға талас. Ұзақ жолға пойызбен шығатын жастар сатып алған пласт-карт пен купедегі астыңғы орындарды қарттарға беруге қарсы. Сондықтан не зейнет жасындағы жандарға үстіңгі орындар сатылмасын немесе жайлы орынның бағасы көтерілсін деп отыр.
Қала ішінде жүретін автобуста үлкен кісіге, баласын арқалаған әйел адамға орын беру мәселесі желіде жиі талқыланып жатады. Бірі жастар тәрбие көрмеген десе енді бірі олардікі дұрыс деген пікірде.
"Әрбір жолаушы пойызға мінгенде билетінде көрсетілген орнына жайғасуы міндетті. Сатып алынған орынға бөгде адамдардың отыруына қатаң тыйым салынады. Егер қандай да бір даулы жағдай туындаса, жолаушыларға вагонда тәртіп пен жайлылықты қамтамасыз ететін жолсеріктерге жүгінуге болады", – деді "ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ" АҚ баспасөз қызметінің PR менеджері Сара Сахынбек.
Маманның сөзіне қарағанда, астыңғы орындарға баға қымбаттамайды. Және билет сатуда да жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Осы сөздерден кейін жастардың ұсынысы да қоғамнан қолдау таба қоймайтын сыңайлы.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...