"Бәйтерек" жобасы аяқталу кезеңіне жақын
Зымыранының алғашқы ұшырылуына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ұшырылым кешенінде "Союз-5/Сұңқар" зымыран- ...
Салтанатты шара 3 қыркүйекке жоспарланған.
Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның тізе бүккеніне 80 жыл толуына арналған парад өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, орталық көшелер уақытша жабылды. Дүкендер мен қоғамдық нысандардың жұмысы шектелген.
Мерекелік шеруде Тяньаньмэнь алаңында Си Цзиньпин шетелдік қонақтармен бірге ондаған мың сарбазды қабылдап, заманауи жойғыш ұшақтар, зымыранға қарсы жүйелер және гипердыбыстық қарулар көрсетіледі. Қытай армиясының жаңа қару-жарақ үлгілері паш етіледі.
Парад кезінде тікұшақтар көкте "80" санын бейнелейтін болады.
Бүгін "Рейстерс" агенттігі Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алдағы аптада Бейжіңде өтетін әскери парадқа қатысатынын жазды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, парадқа 26 мемлекет басшысы мен үкімет өкілдері келеді, алайда Батыс елдерінің басшылары қатыспайды. Еуропалық Одақтан тек Словакия премьер-министрі Роберт Фицоның келетіні расталды.
Зымыранының алғашқы ұшырылуына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Ұшырылым кешенінде "Союз-5/Сұңқар" зымыран- ...
Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...