Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Астанада шахматтан Senat Open турнирінің ақтық кезеңі басталды.
Алғашында 20 іріктеу туры ұйымдастырылып, оған ел бойынша 3 мыңнан астам әуесқой шахматшы қатысты. Екінші кезеңде өңірлерлер бойынша 5 жартылай финал өтті. Енді бүгін іріктеуден сүрінбей өткен 215 ойыншы финалда бақ сынамақ. Турнирдің ашылу салтанатына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, биыл шахматты дәріптеу мақсатында мектеп бағдарламасына «Шахмат негіздері» пәні енгізілді. Ол алдағы уақытта 60 мыңнан астам оқушыны қамтиды деп жоспарланып отыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Соңғы жылдарда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасымен шахматты дәріптеуге үлкен мән беріп келеді. Соның аясында шахматты дамытуға арналған 2027 жылға дейінгі кешенді жоспар қабылданды. Басқа да ауқымды жмұыстар жүргізіліп келеді. Парламент Сенаты мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесім ұйымдастырған осы турнир де маңызды қадамдардың бірі. Senat Open сайысы осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...