• 01-09-2025

Алматыда жол апаты көбейді: жыл басынан бері 45 адам қаза тапты

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны едәуір артты. Жыл басынан бері қалада 4 мыңнан астам апат тіркеліп, салдарынан 5 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясының мәліметінше, 45 адам қаза тапты.

Полицияны, әсіресе, балалардың қатысуымен болған жол апаттарының өсуі алаңдатып отыр. Мұндай оқиғалардың саны шамамен 60% көбейген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

"Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау, маневр жасау және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу. Бұл жағдайлардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай отырып, болдырмауға болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға шақырамыз. Есіңізде болсын: рөлде отырған әрбір адам тек өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағылардың өміріне де жауап береді", — деді Алматы полиция департаменті Анықтау басқармасы бөлімінің бастығы Ержан Шайхиев.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережені бұлжытпай орындауға және саналы әрекет етуге үндеді.