• 01-09-2025

"Қайрат" Чемпиондар лигасында мадридтік "Реалға" қарсы матч өткізеді

Қазақстандық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары анықталды. Олардың арасында әлемге әйгілі мадридтік "Реал" командасы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребе тарту рәсімі Монакода өтіп жатыр. Топтық кезеңге 36 клуб қатысады. Алматылық "Қайрат" төрт іріктеу раундынан сәтті өтіп, жалпы кезеңге жолдама алды.

Жеребе тарту рәсімі кезінде қазақстандық команданың қарсыластары анықталды. Олардың қатарында "Реал Мадрид", "Интер", "Арсенал" және "Брюгге" бар.

Алматылық клуб "Реал" және "Брюггемен" өз алаңында матч өткізеді. Ал "Интермен" Милан қаласында кездессе, "Арсеналмен" Лондонда бақ сынасады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз