4 қыркүйекте алматылық "Қайрат" командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғаш рет алаңға шығуы мүмкін. Бұған дейін ол әртүрлі жастағы жастар құрамаларында ойнаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 жастағы қақпашы алғаш рет ересектер құрамасына шақырту алды және 4 қыркүйекте 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс құрамасына қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін.
"Клубтағы жетістігімізді ұмытып, енді құрамамызға көмектесуіміз қажет. "Селтик" – ол енді тарих. Құдай қаласа, ұлттық құрамамен де тарих жасаймыз. Бұл тек менің еңбегім емес, бұл – бүкіл бапкерлік штаб пен басшылықтың еңбегі. Баршаңызға алғыс айтамын. Құрама ойындарына толық дайын боламыз", – деді Темірлан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)
Бұған дейін қазақстандық футболдың жаңа жұлдызы, "Қайрат" қақпашысы – Темірлан Анарбеков жайында тың деректер ұсынған болатынбыз.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-