“Шенеуніктер үнсіз“. Депутат Базарбек тағы бір былықты әшкереледі
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тағы бір заңсыздықты әшкереледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшіс ...
Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етіп, Маңғыстау донор өлке атанады.
Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды. Солардың ішінде "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" құжаттар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Заң жобасына сәйкес, 2026 және 2027 жылдары субвенцияны 17 өңір алады, үш донор бар: Атырау облысы, Алматы қаласы және Астана қаласы. 2028 жылы субвенция алатын өңірлер саны – 15, ал донор өңірлер саны төртеу болады, олардың қатарына Маңғыстау облысы қосылады. Ал Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірге айналады", – деді депутат Татьяна Савельева.
Бұдан басқа 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы да жұмысқа алынды.
"Бюджет кірістері 4,7 трлн теңгеге өсіп, 19,2 трлн теңге болады деп жоспарланған. Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2,7 трлн теңге көлемінде белгіленген. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферттер көзделмеген. Бюджет шығыстары мемлекеттік қаржы жүйесінің шегінен аспайды әрі 2026 жылы 27,7 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. 2026 жылғы бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге деңгейінде немесе ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін азаяды", – деді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев көші-қон тәртібіне қатысты мәселе көтерді. Жаңа депутат ант берді.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек тағы бір заңсыздықты әшкереледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшіс ...
Трамп әкімшілігі NASA-ның екі ғарыштық жобасын тоқтатады, деп хабарлайды 24kz. Олар Жердегі жылыжай газдар ...
Бүгін Мәжіліс депутаты Данабек Исабек жұмыс сапарымен Шымкент қаласындағы «Ізетті зейнеткер» мекемесінде болып ...