Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматылық суретші Инна Хамраева көлемі үлкен, ерекше ашықхаттар жасайды, деп хабарлайды 24kz.
Оның жұмыстарында Алматының танымал нысандары, сәулеті, тіпті Желтоқсан көшесіндегі аппараттық-студиялық кешеннің ғимараты да бейнеленген. Суретші кезекті жаңа туындысын «Хабар» агенттігінің 30 жылдық мерейтойына арнады.
Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Pop-up стиліндегі ашықхатты ашсаңыз болды, сол сәтте-ақ таңғажайып көрініске куә боласыз. Ішіндегі фигуралар көлемді пішінге еніп, шағын театрды елестетеді. «Алғашқы ашықхатым зәулім қамал сияқты болған», — деп еске алды Инна Хамраева. Содан бері осы ерекше өнер оның сүйікті ісіне айналған.
Инна Хамраева, суретші:
- Шамамен жеті жасымда болар, анамның туған күніне осындай үлкен қамал жасап бергенім есімде. Ата-анамның фотосуреттерін қиып, жапсырдым, фигураларды қиып шығардым. Бағандар болды, оның бәрін өзім сыздым. Барлығы көлемді еді – көліктер, ғимарат, баспалдақтар, жоғарғы қабаттар. Үлкендігі сондай, тіпті терезелерден ішіне үңілуге де болатын.
Иннаның тағы бір ерекше ашықхаттары бар. Онда суретші бірнеше қабат қағазды жапсыру арқылы бүтін бір кеңістіктің тереңдігін бере алған. Табандылықты талап ететін жұмыстан әрбір бөлшектің мұқият жасалғанын аңғару қиын емес. «Ашықхат жасауда мамандығымның да пайдасы зор», - дейді өзі. Ол театр суретшісі. Айтпақшы, Инна Хамраева «Хабар» агенттігімен құрдас. Биыл ол да өзінің отыз жылдық мерейтойын атап өтеді.
Инна Хамраева, суретші:
- Бұл – менің Алматыдағы телеорталыққа арнаған композициям, ал мынау – Астанадағы медиаорталық. Алматыда ең танымал тарихи ғимарат бар. Архитекторы сол кезде айна тәрізді панельдер шынайылықты көрсетуі керек деп ойластырған. Яғни, идеясы – телевизия өмірді, шындықты бейнелеуі керек дегенге саяды. «Хабардың» 30 жылдық мерейтойлық белгісін де жасадым. Композициямда Чемпиондар лигасына жолдама алған «Қайрат» футбол клубы да көрініс тапты.
Иннаның арманы көп. «Ертегі немесе энциклопедияны оқырманның көз алдында жан бітетіндей pop-up стилінде иллюстрациялап ұсынсам», - дейді суретші.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Индира Унгарбаева, Валентин Лобанов