Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматы қаласында полицейлер «Скупщик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Медеу ауданында ұрланған заттарды сатып алумен айналысқан 22 адам ұсталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Әр дерек бойынша тексеру жүргізіліп, хаттамалар толтырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Криминалдық полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда қалта ұрлығы 2,3 есеге азайған. Сонымен қатар бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің ашылуы жақсарды.
Қалада ұялы телефон ұрлығы деректері екі есеге жуық төмендеді. Мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі де 19,4%-ға артқан.
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, «Скупщик» іс-шарасы ұрланған мүлікті қабылдап, сатумен айналысатындарды анықтауға бағытталған.
«Дәл осындай адамдар сұраныс тудырып, қылмыстардың жасалуына итермелейді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар жалғасады», – деді ол.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...