Ұлытау облысында жаңа туған нәрестені құтқару үшін Атасудан Жезқазғанға дейін тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" экипажы медициналық авиация бригадасымен бірлесіп, Жезқазған – Атасу – Жезқазған бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындады.
Жаңа туған нәрестеге мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Осылайша дереу тікұшақпен жеткізу туралы шешім қабылданды. Анасы сәбиімен бірге тасымалданды.
"Ұшқыштардың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Нәресте анасымен бірге әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді", — делінген ТЖМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-