• 01-05-2026

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды деп KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов президенттің ұсынымын оқып берді.

Ұсынымда Берік Нәжімиденовті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы айтылған.

Сенаторлар бұл ұсынымды қолдап, Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.

Дмитрий Малахов Берік Нәжімиденов тәжірибелі заңгер екенін, биыл маусымда президент жарлығымен Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы болып тағайындалғанын атап өтті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз