• 01-05-2026

ҰҚК-нің лауазымды қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпарат тарады: ведомство өкілдері пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар жоғары лауазымды қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, желіде ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін кейбір БАҚ-та Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің және ҰҚК-нің бірнеше қызметкері ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратпауға, журналистік этиканы естен шығармауға шақырды.

Сондай-ақ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеме жасап, Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі де ведомство басшысының ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, мұны журналистік этиканы және еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп бағалайтындарын жеткізді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз