Микрокредит беру қағидалары нақтыланды
Қазақстанда микрокредит беру тәртібін реттейтін жаңа қағидалар қабылданды. Құжатқа сәйкес, микрокредит бойын ...
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру қағидаларын бекітті.
Құжатқа сәйкес:
Жарнамада микрокредиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде көрсетіледі. Ол өзге мәтіннен кіші қаріппен жазылмауы тиіс.
Микроқаржы ұйымдары клиенттермен жұмыс істеу тәртібін белгілеп, құқық пен мүддені қорғау саясатын, өтініш қарау мерзімін, өзара іс-қимыл рәсімдерін анықтауы қажет.
Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтарға қызмет көрсету ұлттық стандарттарға сәйкес 2026 жылғы 2 шілдеден бастап енгізіледі. Сондай-ақ сенімді тұлға қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері де қарастырылған.
Қызмет бойынша дау туындаған жағдайда, ұйым клиентке сотқа немесе микроқаржы омбудсменге жүгіну құқығы туралы хабарлауы міндетті. Бұл үшін ұйымның мекенжайы, байланыс поштасы мен интернет-ресурсы көрсетіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді.
Қазақстанда микрокредит беру тәртібін реттейтін жаңа қағидалар қабылданды. Құжатқа сәйкес, микрокредит бойын ...