Алматының орталық стадионында Чемпиондар лигасы матчтарына қызу дайындық жүріп жатыр. Спорт ғимараттары дирекциясының хабарлауынша, дайындық жұмыстары қатаң кесте бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство өкілдері Алматының Орталық стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді.
"Футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар толық аттестаттаудан өтті және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ дирекцияның хабарлауынша, матчтар мен үлкен шаралардан кейін стадионның бүлінген мүлкін ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр
"Осыған дейін кездескен кездескен сынған орындықтар немесе әжетханалардың ескіруі секілді кемшіліктер спорт нысанының жаңа емес екеніне ғана емес, кейбір көрермендердің стадион мүлкіне деген ұқыпсыз қарым-қатынасына да байланысты. Матчтардан кейін әдетте орындықтардың айтарлық бөлігі жарамсыз күйге түсетіндіктен, орындықтар үнемі тексеріліп, бүлінгенін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл мәселелер қатаң бақылауда — орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды", — деді ведомство өкілдері.
Дирекция орталық стадион алдағы «Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынына толық дайын болатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, абаттандыру бойынша қажетті жөндеулер жасалып, тазалық пен қауіпсіздікті сақтау шаралары күшейтіледі, халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге қойылатын барлық талап орындалады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-