• 08-09-2025

Талғардағы жантүршігерлік оқиға: ұрланған қыз баланың тіліне ота жасалды

Адвокат Гауһар Сариева Талғарда ұрланып, кейіннен полицейлердің көмегімен анасына қайтарылған қыз баланың жағдайы мен аталған оқиғаға қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы парақшасындаңы видеода адвокат баланың жыртылған тіліне шағын ота жасалғанын айтады.

"Дәрілерлер ота жасап, баланың тілін сегіз жерінен тіккен. Қылмыскер баланы алып қашқанда көлігімен бірге таудан ұшып кеткен. Ол балаға тиіспеген, сырылу мен басқа да жарақаттар сол кезде алған. Қыз баланы періштесі қағып тұр", — дейді Сариева өзі жүктеген видеода.

Оның айтуынша, қыздың анасы медбике болып жұмыс істейді.

"Қайғылы оқиға болғанда ол онкологиялық науқасқа қызмет көрсетуге кеткен. Яғни, ағасын атып, баласын ұрлап кеткенде. Егер ол үйде болғанда не болатынын көз алдыма да елестете алмаймын. Қазір балаға да, жас келіншекке де психологиялық қолдау керек. Ол суицид алды жағдайындағы күйді бастан кешуде", — дейді адвокат.

2025 жылы қыркүйекте Алматы облысының полиция департаменті ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғағанын жазғанбыз.