Қыркүйектің 7-нен 8-іне қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Брюссельде Бельгия командасына қарсы матч өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
J тобының алтыншы туры аясындағы матч Брюссельдегі "Лотто Парк" стадионында жергілікті уақытпен сағат 20:45-те басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан Қазақстан уақытымен 23:45-те көруге болады.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі үш ойыннан кейін Бельгияда жеті ұпай бар. Қазақстан құрамасы төрт матч өткізгенімен, әзірге тек үш ұпай жинады. Әли Әлиевтің ойыншылары өз алаңындағы соңғы ойында Уэльс құрамасынан жеңіліп қалды – 0:1. Бельгиялықтарға келетін болсақ, олар соңғы кездесуінде Лихтенштейн құрамасын сырт алаңда ірі есеппен ұтты — 6:0.
Айта кетейік, ФИФА-ның ерлер рейтингісінде Қазақстан құрамасы 114-орында болса, Белгия командасы 8-орында тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-