Түркістанда кәсіпкерлердің қолдауымен өрт сөндіру бекеті ашылды
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Елде балық өндірісі арта түсуі мүмкін. Атырауда 2021 жылдан бері тауарлы балық шаруашылығы саласында 5 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды 24kz.
Бекіре және басқа да балық түрлерін жабық бассейн мен тоғанда көбейткен шаруашылықтар биыл 373 тонна өнім алды. «Бірақ бұған тоқмейілсімей 2030 жылға дейін көрсеткішті 2 есеге арттырамыз», — дейді мамандар.
Бағалы бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге маманданған бұл шаруашылық су маржанын өзен үстіне орнатылған ашық торларда ұстайды. Қазір мұнда 17 тонна балық бар. Тауарлы ферма болғандықтан, өнім балықтың басымен емес, салмағымен есептеледі. Осыдан 4 жыл бұрын салаға тартылған 600 млн теңге инвестиция енді ғана жемісін бере бастады. Жоба бойынша мұнда жылына 30 тонна бекіре балығы мен 500 келі қара уылдырық дайындалуы тиіс.
Арыстанбек Кенже, тілші:
- Бұл торлардың әрбірінде 20-25-тен бекіре тұқымдас балықтар өсірілуде. Олар табиғи ортаға қарағанда тез өсіп жетіледі. Осы балықтар келер көктемде өнім беруі тиіс.
Арыстан Қожамұратов, шаруашылықтың бас балық өсірушісі:
- Бір балықтың өсімі, 5-6 жылдан кейін уылдырық бере бастайды. Біз уылдырықты алғанда балықты соймаймыз. Табиғи жолмен туғызып аламыз. Сосын оны қайтадан өзінің ортасына жіберіп, жемін уақытылы бергендіктен, 2-3 жылда қайтадан уылдырық береді.
Өзен үстіне орнатылған тордағы тірлік барынша табиғи ортаға жақындатылған. Ол балықтардың еркін өсіп жетілуіне және өнім сапасына оң әсер етеді. Осындай әдіспен өңірде 5 шаруашылық балық өсіруді қолға алған. Бүгінде тоғандар мен бассейндерде 373 тонна балық өсірілуде. Осылайша, 2030 жылға қарай өнім көлемі 736 тоннаға жетпек. Тауарлы балық шаруашылығын дамыту алыс аудандарда да қолға алына бастад
Әсел Ищанова, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:
- Бүгінгі мүні Махамбет ауданында тұйықталған сумен қамтудың жүйесінде тауарлы балық және шабақ өсіру жыл аяғына дейін іске қосылады. Жобаның қуаттылығы – 85 тонна. Сонымен қатар бізде балық өсіру бойынша Махамбет, Құрманғазы және Индер, Жылыой аудандарындағы техникалық су тоғандарында тұқы тұқымдас балықтарды өсіру іске қосылады деген жоба бар.
Жобалық құны 1 млрд теңгеден асатын мына ферма жабық бассейндерде «орыс бекіресін» өсірумен айналысады. Мұнда жылына 50 тонна бекіре мен 1 тонна қара уылдырық өндіріледі. 2021 жылдан бері өңірде жалпы құны 4 млрд 700 млн теңгеден асатын осындай 5 жоба жүзеге асты, тағы үшеуі инвестициялық бағдарламаға енген.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин