Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық құралдарды пайдалана отырып жер қойнауының заманауи картасын жасау қажет екенін айтты.
2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жариялаған жолдауында Ұлттық геология қызмет базасында жетекші халықаралық стандарттарға сай келетін сертификатталған зертхана ашу қажет екенін мәлімдеді.
"Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту қажет. Елімізде ауқымды аэрогеофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Бұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды да тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес", – деді президент.
Ол геология саласындағы реформаларды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
"Келер жылдың ортасына дейін Ұлттық геологиялық қызмет базасында жетекші халықаралық стандарттарға сай сертификатталған зертхана ашу қажет. Барлық геологиялық ақпаратты ең алдымен жасанды интеллект енгізе отырып цифрландыру және жүйлендіру процесін жеделдету қажет. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек", – деп тапсырды мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...