Қазақ жұрты армян халқын ерекше қадірлейді – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен армян достығы берік, сыйластығы жарасқан халықтар екенін атап өтті. ...
Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысына Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Эльвира Азимованың айтуынша, 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеріс қорытындысы бойынша 300-ден аса шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.
"Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр", — деді Эльвира Азимова.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алатыны жөнінде баяндалды. Бұған дейін мұндай консультацияларды мыңнан астам адам алды. Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар, сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ пен армян достығы берік, сыйластығы жарасқан халықтар екенін атап өтті. ...
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...