Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов самокаттарға қатысты ереже ретке келтірмегенше, оларды уақытша пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәслихат депутаты өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлағандай, Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста электросамокаттар, мопедтер және электробайктарға қатысты маңызды мәселе талқыланды.
"Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі жол қозғалысы ережелерін білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді.
Мен өзім қаланы жаяу аралағанды ұнатамын, бірақ көбінесе жанымнан жүйткіп өткен самокаттардың кесірінен серуен қауіпсіз өтеді дей алмаймын", — дейді депутат.
Депутат Алматы қаласында электросамокаттарды уақытша тоқтату керек деген ұсыныс білдірді.
Оның пікірінше, арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша, жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша оларды пайдалану адам өміріне қауіпті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-