«Бәйтерек» Sustainable Fitch халықаралық рейтингінде жоғарылады
Халықаралық агенттік Sustainable Fitch «Бәйтерек» Холдингінің ESG-рейтингін 3-тен 2 деңгейге көтерді. Сонымен қатар ...
Жасөспірімдер рейтингінде Заңғар Нұрланұлы бірден 29 саты жоғарылады .
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялап, қазақстандық теннисшілер тамаша нәтиже көрсетті.
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай серпіліс жасап, бірден 29 орынға жоғарылап, 25-ші сатыға көтерілді. Биыл қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Ол ширек финалда жасөспірімдер арасында Уимблдон 2025 чемпионы,болгариялық Иван Ивановқа 1:6, 4:6 есебімен жол берген болатын.
Әмір Омарханов өз орнын сақтап, 28-ші сатыда тұр, Дамир Жалғасбай да ТОП-50-ге нық қадам жасап, 65-ші орынға көтерілді. Ал Даниель Тазабеков 122-ші позицияға жайғасты.
Халықаралық агенттік Sustainable Fitch «Бәйтерек» Холдингінің ESG-рейтингін 3-тен 2 деңгейге көтерді. Сонымен қатар ...
Олардың арасында ағайынды Сабырхандар да бар. Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың қорытындысы ретінде б ...