• 01-05-2026

Ақордада Конго Демократиялық Республикасының президентін қарсы алу рәсімі өтті

2025 жылғы 10 қыркүйекте Ақордада Конго Демократиялық Республикасының (КДР) президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берді. Сондай-ақ Қазақстан мен КДР-дың мемлекеттік гимндері орындалды.

Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди 9-10 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған еді.

Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған.