Мемлекет басшысы: "Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады"
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Ол фермерлердің табысы азайып жатыр деп дабыл қақты.
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің депутаттық сауалында ішкі нарықтағы ет бағасын тұрақтандыру шараларын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Субсидиялау саясатын қайта қарап, өтінімдердің уақытылы және толық қанағаттандырылуын қамтамасыз ету, артық бюрократиялық кедергілерді жойып, субсидиялық қарыздарды өтеудің кешенді тетігін әзірлеп, жоғарыда көрсетілген қарыздарды тез арада шешуді сұраймыз", – деді депутат.
Оның айтуынша, биыл оңтүстік облыстардың көптеген аудандарында қуаңшылық болуына байланысты жоспарланған өнім алынбады, көптеген егіс алқаптары орылмады.
"Егіншіліктен пайда көрмей, мал өнімдерінен табыс табамыз дегенде сиыр етінің экспорты жабылды. Ет бағасының негізсіз қымбаттауына бірінші кезекте фермерлер емес, делдалдар мен алыпсатарлар себепкер екенін өздеріңіз де білесіздер. Бүгінде мал шаруашылықтарында 1 кг сиыр етінің өзіндік құны 2500 теңге болды, ал бөлшек саудада бұл көрсеткіш 5000 теңгеге дейін өсіп отыр. Демек, фермерлердің табысы азайып, басты пайда алыпсатарлардың қолында қалуда. Бұны реттеуші Сауда министрлігі мен әкімдер қайда қарап отыр?", – деп сұрады Жигули Дайрабаев.
Депутат экспортты шектеу фермерлерге ауыр соққы болып тиіп жатқанын айтты. Фермерлер болашақта өнімін еркін сата алмайтынын білсе, мал басын көбейтуге ынтасы төмендейді. Бұл, керісінше, ұсыныстың азаюына және ішкі бағаның одан әрі өсуіне алып келеді, дейді ол.
Мәжілісмен ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру шараларын қайта қарауды, делдалдар мен алыпсатарлардың әрекетін шектеуді, ал фермерлерге өнімін еркін өткізуге мүмкіндік беруді сұрап отыр.
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Қазақстанда жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері көбейіп жатыр, 2015 жылы елімізде 1,2 млн ШОБ субъектісі болса, бы ...
Боливия жиын-терімге толыққанды кірісе алмай отыр. Оған себеп — жанар-жағармай тапшылығы. Күллі ауыл шаруа ...