• 01-05-2026

Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін шаршы алаңға шыққан қос қазақстандық боксшы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық Руй Ямагучимен жекпе-жек өткізді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістірген Төрехан Сабырхан ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді. Айта кету керек, Төрехан Сабырхан алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жартылай кезеңіне өтті.

Осылайша, қос қазақстандық боксшы кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз