Еліміздегі мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастаған.
Сонымен қатар мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілген. Енді мектептің ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау міндеті денсаулық сақтау ұйымдарына берілді.
Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық мектептерде осы жаңашылдықтардың іске асырылуын бірлесіп тексерген.
Қазіргі уақытта тіс ауруларының алдын алу кабинеттері 150 мектепте ашылған. Жыл соңына дейін тағы 90 кабинет ашу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылға дейін мектептерде 1000 стоматологиялық кабинетін іске қосу көзделуде.
Бұл бастама оқушы саны мыңнан асатын ірі білім беру ұйымдарын қамтиды. Ең алдымен, "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған мектептерде ашылуда.
Ашылған кабинеттерде оқушыларға алдын алу бағытында стоматологиялық көмек көрсетіледі, ауыз қуысы ауруларын ерте диагностикалау жүргізіледі және санитарлық-ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектептерде ашылған стоматологиялық кабинеттер балаларға тегін профилактикалық көмек көрсететінін атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-