Бүгін, 11 қыркүйекте Алматының Медеу ауданында 3000 шаршы метр аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт сөндірушілердің шұғыл шараларының арқасында жалын жеке тұрғын үйлерге таралмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 16:19-да Медеу ауданы, Төле би көшесі мен Щығыс айналма жолы қиылысындағы төбе беткейінде құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.
Өрт сөндірушілер тауға көтерілуге мәжбүр болғанына қарамай, төбеге көтеріліп оқиға орнына 8 минут ішінде жедел жетті. Барлау барысында 3000 шаршы метр аумақта құрғақ шөптің жануы анықталды. Биіктіктен жедел жағдайды бақылау үшін дрон көтерліді.
Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші мен құтқарушы, оның ішінде басшылық құрамы, және 9 бірлік техника жұмылдырылды. Желдің әсерінен оттың жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындаған. Алайда, қабылданған шұғыл шаралардың арқасында бұл қауіптің алдын алынды.
ТЖД ақпаратынша, өрт сағат 17:29-да оқшауланып, 17:55-те толық сөндірілді. Алматы қаласы ТЖД күштері оттың тұрғын үйлерге таралуына жол берген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-