«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Diella деп аталатын жүйе мемлекеттік сатып алуларды қадағалайды.
Албанияда тұңғыш рет жасанды интеллект министрі қызметке кірісті.Оның атауы албан тілінде "күн" дегенді білдіреді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Премьердің айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік тендерлер бойынша шешімдер кезең-кезеңімен министрліктерден Diella-ның қарамағына өтеді.
"Осылайша, Албанияда мемлекеттік тендерлер толығымен ашық, әділ әрі сыбайлас жемқорлықсыз жүзеге асады. Бұл – ғылыми қиял емес, нақты шындық", – деді Рама.
ЖИ Diella елде бұрыннан белгілі: ол ұлттық электронды мемлекеттік қызметтер платформасы – e-Albania-ны басқарып отыр. Жасанды интеллекттің аватары дәстүрлі албан киіміндегі қыз бейнесінде жасалған.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясын алаяқтар қаржылық қылмыстар жасау үшін белсенді қолдана ...
Құмкөл кен орнында жасанды интеллект алғаш рет нақты өндірісте қолданылды. Отандық ғалымдар жасап шығарған цифрлық ж ...