Экология министрі киік санын реттеу туралы шешім қабылданғанын айтты
Қазақстанда киіктердің санын реттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан ...
Шілде айының басынан бастап Қазақстанда киіктердің санын реттеу мақсатында ату жұмыстары жүргізіліп келеді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін табиғи ортадан 31 003 бас киік алынды.
Браконьерліктің алдын алу үшін популяция санын реттеу жұмыстарын «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі жүзеге асырып жатыр.
Бүкіл процесс Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында.
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» РМК әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, киік популяциясының санын реттеу жұмыстарын 2025 жылдың 30 қарашасына дейін жалғастыру ұсынылған, – делінген министрліктің KAZINFORM агенттігіне берген жауабында.
Қазақстанда киіктердің санын реттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан ...