• 01-05-2026

Қатар премьер-министрі: Израиль енді Газа секторындағы азаматтарын көрмейді

Қатар премьер-министрі Израиль Газа секторында жатқан тұтқындарын енді тірі көрмейді деп отыр. Айтуынша, бітімгер елге шабуыл жасау – нағыз ақымақтық, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Қатар премьер-министрі Мұхаммед Әл-Танидің сөзінше, АҚШ пен Израиль барлығын алдап кеткен.

"Израиль АҚШ қолдауына сүйеніп бізді сан соқтырып кетті. Жаңа заман тарихында ешқашан келіссөзге келген адамды өлтіру деген сұмдық болмаған. Олар ХАМАС-пен келісімге қол қоюға дайынбыз, деп Дохаға шақыртып алды. Бұл арамдықты сөзбен айтып жеткізу қиын", — дейді Қатар премьер-министрі Мұхаммед Әл-Тани.

Еске салсақ, 9 қыркүйекте Израиль әскері Қатар астанасы Дохада болған ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдеріне соққы жасаған болатын. Қатарлық СІМ ЦАХАЛ-дың қатаң әрекетін айыптады.

Шабуыл туралы ақпарат расталған соң, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің Дохаға жасаған соққысын айыптады.

Ал Израиль Дохадағы шабуыл үшін жауапкершілікті өзіне алды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың аппарат өкілдері Қатардағы әскери акция толығымен тәуелсіз болғанын мәлімдеді. Алайда шетелдік БАҚ беттерінде Доха қаласына жасалған соққы АҚШ-пен келісілгені туралы ақпарат тарап жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз