Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Таяу Шығыстағы қақтығысты шешу жолын екі мемлекетті құру арқылы реттеуді көздейтін "Нью-Йорк декларациясын" мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарарға 142 ел дауыс берді, ал қарсы шыққандар қатарында Израиль, АҚШ және тағы сегіз мемлекет болды. Он екі ел қалыс қалды. Қазақстан бұл қарарды қолдап дауыс берді.
Аталған құжат шілде айында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Франция мен Сауд Арабиясының ұйымдастыруымен өткен конференцияның қорытындысы ретінде қабылданды. Форум осы айдың соңында өз жұмысын қайта жалғастырады.
Франция елшісі Жером Боннафон декларацияның маңызын атап өтіп, бұл құжат:
"Газа секторындағы атысты тоқтату, тұтқындарды босату, егемен Палестина мемлекетін құру, ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру және Израиль мен араб елдері арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруді көздейтін бірыңғай жол картасын ұсынады", – деді.
Ал Израиль өкілі Дани Данон бұл бастаманы "біржақты әрекет" деп атап, оны "бейбітшілікке бастар қадам емес, Ассамблеяның беделін түсіретін бос қимыл" деп сынға алды. Оның айтуынша, бұл шешімнің "басты жеңімпазы – ХАМАС болады".
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұған дейін:
"Таяу Шығыстағы бейбітшіліктің негізгі шарты — Израиль мен Палестинаның екі тәуелсіз, егемен және демократиялық мемлекет ретінде бейбіт қатар өмір сүруі", – деп мәлімдеген болатын.
Бұған дейін ЦАХАЛ-дың бұрынғы басшысы Газа секторындағы қаза тапқандар мен жараланғандар санын атағанын жазғанбыз.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-