• 29-04-2026

Бүгін Қазақстан боксшылары әлем чемпионаты финалында 8 алтынға таласады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар рекорд орнатып, финалға 8 бірдей спортшымыз жолдама алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлер арасында ел намысын:

  • Санжар Ташкенбай (50 келі) – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
  • Махмұд Сабырхан (55 келі) – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
  • Төрехан Сабырхан (70 келі) – Севон Окадзава (Жапония)
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан) қорғайды.

Ал әйелдер арасында:

  • Назым Қызайбай (48 келі) – Минакши (Үндістан)
  • Алуа Балқыбекова (51 келі) – Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
  • Аида Әбікеева (65 келі) – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • Наталья Богданова (70 келі) – Лекейша Перголити (Австралия) шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жектердің барлығын қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазақстан уақыты бойынша финалдық кездесулер кестесі:

16:00 – Әйелдер (48 келі): Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)

16:15 – Ерлер (50 келі): Санжар Ташкенбай – Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)

16:45 – Ерлер (55 келі): Махмұд Сабырхан – Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

22:00 – Әйелдер (51 келі): Алуа Балқыбекова – Бусеназ Чакыроглу (Түркия)

22:30 – Әйелдер (65 келі): Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

22:45 – Ерлер (70 келі): Төрехан Сабырхан – Севон Окадзава (Жапония)

23:00 – Әйелдер (70 келі): Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Австралия)

23:45 – Ерлер (90 келіден жоғары): Айбек Оралбай – Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Бұл – Қазақстан бокс тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірі. Егер барлық спортшылар жеңіске жетсе, ұлттық құрамамыз 8 алтынмен елге оралуы мүмкін.