Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Қызылордалық Қайруллаевтар әулеті ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналдырған.
Бұл отбасы төрт түлікке қатысты салт-дәстүр мен жөн-жоралғыны әрдайым ұстанады.
Жасы алпысты алқымдаған Ақтай Қайруллаев 10 жасынан бастап, ат ерттеп мінген. Бала күнінде аламан бәйгелердің алдын бермепті. Бүгінде немерелерін осы ұлттық спор түріне баулып жүр. Мұнан бөлек, ата кәсіп — мал шаруашылығымен айналысады.
Ақтай Қайруллаев, Т. Көмекбаев атындағы ауылдың тұрғыны:
- 1966 жылы әкем Әділбек 28 жасында Қаракөлді көбейткені үшін Социалистік Еңбек Ері атанды. Ол кезде Қаракөл үкіметке алтынмен пара-пар. Сол Қаракөлдің сорттылығын бірінші сортқа өткізген. Мал басына 3 келіден жүн қырқып өткізген. Сол еңбегінің арқасында осындай атаққа ие болды.
Әулеттің ақ жаулықты анасы, 84 жастағы Айша Қайруллаева 11 құрсақ көтерген батыр ана. Ұрпағының бойына ұлағат ұялата білген кейуана — немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішу бақыты бұйырған жан.
Айша Қайруллаева, көпбалалы ана:
- Балаларға жақсы тәрбие бердім. Әкелеріңнің атағы бар дедім. Мен де батыр анамын. «Жақсы болыңдар, жақсы жүріңдер» деп балаларды тәрбиеледік.
Өнегесі мол отбасы ұлттық құндылықтарды отбасы бірлігінің алтын қазығына айналдырған. Төрт түлікті тең өргізген еңбекқор жандардың дастарханынан табиғи таза, ұлттық тағамдардың үзілмеуі заңдылық.
Әмина Жұматаева, Қайруллаевтың келіні:
- Жалпы шұбат 40 түрлі ауруға ем дейді. Мінекей осы ата кәсібіміз. Біз ауылда тұрғаннан кейін түйе сауамыз, жылқы сауамыз.
«Бар арманым – ұрпағымды еңбек сүйгіш, адал адам етіп тәрбиелеу»,-дейді Еңбек ерінің ұлы.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...