• 01-05-2026

Асылжан Есенгелді еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Асылжан Есенгелді еркін күрестен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Асылжан Есенгелді АҚШ өкілі Джексон Патрик Форестпен қола жүлдені өзара сарапқа салды. Нәтижесінде жерлесіміз 9:8 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін Нұрқожа Қайпанов та бозкілемге шығады. Ол 70 келіге дейінгі салмақтың қола медалі үшін күреседі.