• 01-05-2026

Қазақстанда 15 жастағы қыз әскери қызметшіден жүкті болып қалды

2025 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметтегі брифингіде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлттық ұланның әскери қызметшісінен жүкті болған жасөспірім қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Жамбыл облысында 15 жастағы қыздың Ұлттық ұлан әскери қызметшісінен босанғанын еске салып, аталған әскери қызметшіге қандай шара қолданылғанын сұрады.

"Біріншіден, ол – бұрынғы әскери қызметші. Екіншіден, қылмыстық іс қозғалды. Білуімше, ол қамауға алынды. Қылмыстық іс аяқталған соң бәрін білесіздер", — деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 11 қыркүйекте Жамбыл облысында жиенін зорлаған педофил 22 жылға сотталған еді.