Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында Францияны ірі есеппен жеңді
Қазақстандық жас хоккейшілер 14:6 есебімен жеңіске жетті. Словенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейде ...
Елордалық хоккей клубы мәскеулік ұжымды 5:2 есебімен жеңді.
"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы өз алаңындағы матчтар сериясын Мәскеудің "Динамосымен" өткен кездесумен аяқтады. Медициналық себептерге байланысты Тайс Томпсон ойынға қатысқан жоқ. Астаналықтардың шабуыл шебінде Владимир Волков ҚХЛ-дағы дебютін өткізсе, Батырлан Мұратов негізгі құрамда алғаш рет тұрақты чемпионат ойынына шықты. Қорғанысқа жарақат алғандар тізімінен Иэн Маккошен оралды.
Бірінші кезең қонақтардың еншісінде болды. Олар есепті небәрі 40-шы секундта ашты. Максим Комтуа көк сызықтан жасалған соққыдан кейін шайбаны қақпаға бағыттады. Үзіліске дейін "Барыстың" таразы басын теңестіруге тамаша мүмкіндігі болды. Алайда Дінмұхаммед Қайыржан қақпашы Максим Моторыгинмен бетпе-бет шығып, гол соға алмады.
Екінші жиырма минуттықтың басында алаң иелеріне көпшілік көмектесті – Аңсар Шайхмедденов Әлихан Өмірбековтің тамаша пасынан кейін нысананы дәл көздеді. Ал кезеңнің соңында Вячеслав Колесников КХЛ-дағы алғашқы голын соғып, "5ке 3" форматында көзге түсті.
Үшінші кезеңнің ортасында Никита Гусев дәл соққысымен Андрей Шутовты екінші рет қапы қалдырды. Бірақ қазақстандықтар қос гол соқты. Ал матчтағы соңғы нүктені "Барыстың" 88-нөмірлі оыншысы қойды. Шайба "Динамоның" бос қақпасына енді. Бұл голда Шутов ассистенттердің бірі болды.
18 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері Магнитогорскіде "Металлургке" қарсы ойнайды.
"Барыс" – "Динамо" Мәскеу 5:2 (0:1, 2:0, 3:1)
0:1 – 00:40 – Комтуа (Классон, Мамин)
1:1 – 24:29 – Шайхмедденов (Өмірбеков, Савицкий) КБ
2:1 – 37:24 – Колесников (Уолш, Веккьоне) КБ
2:2 – 47:00 – Гусев (Броссо)
3:2 – 50:38 – Веккьоне (Ғалымов, Уолш) КБ
4:2 – 56:00 – Өмірбеков (Веккьоне)
5:2 – 58:33 – Веккьоне (Бреус, Шутов)
Қақпашылар: Шутов – Моторыгин
Қазақстандық жас хоккейшілер 14:6 есебімен жеңіске жетті. Словенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейде ...
Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтед ...
Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында "Барыс" Минскінің "Динамосына" 1:3 есебімен жол бер ...