Астанада аралас жекпе-жектен (ММА) өткен Қазақстан чемпионатында қарағандылық Марат Сражатов алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионатына жолдама иеленді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, Марат Сражатов Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейді. Ол ММА-мен төрт жылдан бері айналысады.
16-18 қыркүйек аралығында елордада өткен чемпионатта ол үш жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын аяқтаған.
Мараттың айтуынша, ең қиын кезең финалдық кездесу болған. Рингте Шығыс Қазақстан облысының спортшысымен кездесіп, жеңіске жету үшін бар күшін салуға тура келген.
Марат аралас жекпе-жекпен айналысу тек спорттық жетістіктерге жетуге ғана емес, сонымен қатар жұмыс бабында да үнемі шынығып жүруге көмектесетінін айтады. Жаттығулар төзімділікті, күш-қуатты, жылдам әрекет ету қабілетін дамытып, кез келген жағдайда сабыр сақтауды үйретеді. Бұл қасиеттер құтқарушы мамандығында аса қажет, дейді ол.
Марат Сражатов енді әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-