Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Бүгін футболдан чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Спортинг» кездеседі . Матчта 2 бірдей қазақ ойыншысы рекорд орнатуы мүмкін. Олар шабуылшы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмұрза. Сонымен ол қандай рекордтар? Сарапшылар не дейді?
«Қайрат» сырт алаңда азулы қарсылас «Спортингке» қарсы ойын өткізеді. Алматылық ұжым осыдан 2 күн бұрын 7 мың шақырымды артқа тастап, Лисссабонға жетті. Бұл чемпиондар лигасы тарихындағы ең алыс қашықтық.
Шыңғыс Сенғажин, спорт журналисі:
- Бүгін ғана командадағы жігіттермен сөйлестім. Шаршаңқы. Ұшақта 13 сағат ұшып барған. Оның үстіне орналасуына проблема болған. 2-3 сағат тамақ ішкен кейін қайтадан кешкі жаттығуға кіріскен. Бүгін де олар күніне 2 мәрте жаттығу өткізіп жатыр. Уразбахтин жігіттерін аяп жатқан жоқ. Бұл жердегі ең басты мәселе қақпашы болып тұр. Оны өздеріңіз де білесіздер.
Иә, «Қайратта» қақпашылардың орны ойсырап тұр. Әуелі «Селтикке» қарсы ойында Заруцкий ауыр жарақат алса, артынан “Ақтөбемен” болған матчта Темірлан Анарбеков жақ сүйегін сындырып алды. Қазір команда небәрі 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаға сенім артып отыр.
Тахир Хамрақұлов, спорт журналисі:
- Менің есебімше, 1:0 немесе тең нәтиже көрсетіп қайтады деген болжамым бар. Қазақстан премьер-лигасы қазір қызып тұрған шағы болғаннан кейін біздің ойыншылар толыққанды бабында қазір. Нәтижелерін соңғы ойындарда көрсетіп жатыр. Ал Португалияда 5 тур ғана өтті. Олар бабына енді келіп жатқаннан кейін біздің жігіттерге мүмкіндік болатын сияқты.
Матчта 2 бірдей қазақ ойыншысы рекорд орнатуы мүмкін. Егер 17 жастағы Дастан Сәтбаев мергендігімен көзге түссе, чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанады. Ал 18 дегі Шерхан Қалмұрза алаңға шыққан сәттен-ақ ең жас қақпашылардың үштігіне енеді.
Шыңғыс Сенғажин, спорт журналисі:
- Бүгінгі кездесуде «Қайратқа» еш реніш болмайды деген ойдамын. Чемпиондар лигасына өткізіп бергенімізге алғыс айтуымыз керек. Енді «Реалмен» болатын өз алаңымыздағы ойында тең ойын дегенге үміт артуға болатын шығар. Әйтпесе сырт алаңдағы ойыннан жеңіс күтпей-ақ қойсақ болады негізі.
Матч Астана уақытымен түнгі 12 де басталады. Ойынды отандық арналар тікелей эфирде көрсететеді.
Авторлары: Мерей Қанапия, Өрден Жарқын