Теңіз толқытқан туынды. Тілендиев жазған бір әннің тарихы
Кеңес кезеңінде бекітілген кесте бойынша өнер адамдары ел мен елді араласап , концерттік бағдарламасын ұсынатын ...
Осыдан бірер күн бұрын танымал әнші Кеңес Әлімжан Таразға тойға бара жатып жол апатына ұшырағаны туралы жазғанбыз. Енді өнер иесінің өзі алаңдаушылық білдірген барша жанға алғысын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баршаңызға қайырлы күн! Менің құрметті тыңдармандарым, барша жанашырларым, мен үшін уайымдап жатқан көрермендерім, ағаларым, әпкелерім, маған тілекші болып жатқандарыңызға көп-көп рақмет! Интернет желісін өздеріңіз көріп отырған боларсыздар. Мұндай хабардың бір жаңалық ретінде таралғанын қаламағанмын. Бастысы, аман-есенбіз. Темір өз орнына келер, — деді ол.
Эстрада жұлдызы жол апатына дұрыс ұйықтамауы себеп болғанын айтты.
Уақытлы ұйықтамағанның кесірінен, жолдан шығып кетіп, осындай жол-көлік апаты болды. Қайта қарама-қарсы көлікке соқтығыспадық. Алла өзі сақтады. Рақмет сіздерге, аман болыңыздар, — деді Кеңес Әлімжан.
Кеңес кезеңінде бекітілген кесте бойынша өнер адамдары ел мен елді араласап , концерттік бағдарламасын ұсынатын ...
Бір адам оқиға орнында көз жұмды . Қарағандыда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, екі адамды қақты, деп хабарл ...
Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты, — деп хабарлайды Mass ...